Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінде 2024 жылдың 29 қараша күні «Жасыл әлем» зерттеу жобалар сайысы өтті. Бұл сайыс «Жасыл қала» және «Болашаққа көзқарас» кезеңдері бойынша өткізілді. Сайысқа аудан мектептері арасынан 5 мектептің оқушылары әр номинация бойынша қатыстырылды. Әр номинация бойынша төмендегі жетістіктерге жетті.

«Жасыл қала – қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған технологиялары» номинациясы бойынша

І орын – Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Асылбек Жансая. Жетекшісі: Сүйінішқалиева И.

ІІ орын – Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сайлау Алишер. Жетекшісі: Нсанова Г.

ІІІ орын – Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Хатау Перизат. Жетекшісі: Изтелеуова З.

Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Маратова Каусар және Н.С. Манаев атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Мұхит Медина «Алғыс хаттармен» марапатталды. Жетекшілері: Хайруллина Г., Абдуллаев А.

«Болашаққа көзқарас» экологиялық білім беру жобалары, волонтерлік жобалар номинациясы бойынша

І орын – Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Айыпқалиева Бахыт. Жетекшісі: Хайруллина Г.

ІІ орын – Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Қаламғали Дастан. Жетекшісі. Нсанова Г.

ІІІ орын – Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Бақытжанқызы Дильназ. Жетекшісі: Сүйінішқалиева И.

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Арайбекқызы Зураханым және

Н.С. Манаев атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Өмірбек Жанерке «Алғыс хаттармен» марапатталды. Жетекшілері: Изтелеуова З., Абдуллаев А.