2024 жылдың 24 желтоқсан күні «Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» КММ-нің 2024-2025 оқу жылының жылдық жоспарына сай, өлкетану бағыты бойынша тәуелсіздік күніне орай, «Суретшілер әлемінде» жас суретшілердің сурет салу сайысы өтті.
Қатысушылар еркін тақырыпта ойша және елестете отырып,тәуелсіздік күніне байланысты өз туындыларын салды.
Берілген критерийге сай салынған суреттер идеялығы,шеберлігі,күрделігі жақтарымен ерекшеленді.Әділқазылар алқасында Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебінің бейнелеу — өнер педагогы Ерқанат Мүбинұлы қатысып,қатысушылардың жұмыстарын суретші көзімен бағалай білді.Қорытындылай келе,жүлделі:
І-орынды — Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Қ.Идаятова,жетекшісі:Джагыпарова Ғ;
ІІ-орынды — Имашев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Д.Парфенова,жетекшісі:Ниязова А;
ІІІ-орынды — Имашев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы А.Жанболатқызы,жетекшісі:Өмірзахова А;
Еңбекші жалпы орта мектебінің оқушысы А.Көпболсынқызы, жетекшісі:Сабихиев З.
Нұржау,Манаев,Қадір Мырза Әли мектептерінің қатысушылары Алғыс хаттармен марапатталды.
Тәуелсіз еліміздің өнерлі жастары көп болғай!



