Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Үкімет және Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп.

Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет» деп атап өтті. Осыған орай атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру бағытында, Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінің жұмыс жоспарына сай 2024 жылы 12-13 қыркүйек күндері Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінің ұйымдастырылуымен «Халықаралық туризм күніне» арналған білім беру қызметкерлері арасында туристік слет өткізілді.

Мерекенің мақсаты — спорттық — сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктерін көрсету, өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту, қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық тәрбие жұмыстарын насихаттау болатын. Туристік слет Кудряшов ауылында, Петухов орманының табиғат аясында, қызықты әрі жоғары дәрежеде өтті. Слеттің алғашқы сөзін Құрманғазы ауданының әкімі Жанғалиев Абат Сайфоллаұлы және Құрманғазы аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Баяров Еділ Ғарипұлы және Кудряшов ауылдық округінің әкімі Вахитов Бахтияр Тлекқабылұлы сөз сөйлеп аудан туризмін дамыту жолындағы мәселелерді, осы күнге дейін мекемеміздің жеткен жетістіктерді айтып өтіп, жақсы тілектерін жолдап, командаларға сәттілік тіледі. Екі күнге жоспарланған слетке ауданымыздың 21 мектеп командалары бақ сынады. Слеттің қорытындысы бойынша сайысқа қатынасушылар төмендегідей көрсеткіш көрсетті.

1.Туристік техника бойынша

І орын – Ақкөл жалпы орта мектебі

ІІ орын – Еңбекші жалпы орта мектебі

ІІІ орын – М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі

  1. «Конкурстық бағдарлама» номинациясы бойынша

І орын – Ақкөл жалпы орта мектебі

І орын – Абай атындағы жалпы орта мектебі

І орын – М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі

І орын – Еңбекші жалпы орта мектебі

ІІ орын – Нұржау жалпы орта мектебі

ІІ орын – Ә. Сарсенбаев атындағы жалпы орта мектебі

ІІ орын – М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебі

ІІІ орын – Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі

ІІІ орын – Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі

ІІІ орын – Қиғаш жалпы орта мектебі

ІІІ орын – Панфилов атындағы жалпы орта мектебі

ІІІ орын – Қосымша білім беру

ІІІ орын – Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі

  1. «Спорттық ойын (Арқан тартыс)»

І орын – Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі

ІІ орын – М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі

ІІІ орын — Ә. Сарсенбаев атындағы жалпы орта мектебі

  1. «Түнгі лабиринт» номинациясы

І орын – М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі

ІІ орын – Ақкөл жалпы орта мектебі

ІІІ орын – Еңбекші жалпы орта мектебі

  1. «Садақ ату» номинациясы

І орын – М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі

ІІ орын – Абай атындағы жалпы орта мектебі

ІІІ орын – Ю.А. Гагарин атындағы жалпы орта мектебі

Жалпы командалық есеппен:

І орын — М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі

ІІ орын — Ақкөл жалпы орта мектебі

ІІІ орын — Еңбекші жалпы орта мектебі иеленді. Слетке қатысып жүлделі орын алған командалар дипломдармен, белсенділік танытып қатысқан командалар Алғыс хаттармен марапатталды. Кудряшов ауылдық округ әкімі Вахитов Бахтияр Тлекқабылұлына, Ғ. Мүсірепов атындағы мектебінің директоры Жұпарғалиев Сабыржан Төлегенұлы, Кудряшов ауылдық клубының меңгерушісі Утешова Эльмира Сиражқызына, Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме басшысы Қалиев Сәрсенбай Бердіханұлына слетті жақсы деңгейде өткізуге жағдай жасағандары үшін алғысымызды білдіреміз. Барлық туризм слетіне қатысқан командаларды алдағы жарыстарда биіктен көрінулеріне тілек білдіріп, марапат иелерін жетістіктерімен құттықтаймыз.