2025 жылдың 24 қаңтар күні «Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» КММ-нің 2024-2025 оқу жылының жылдық жоспарына сай, өлкетану үйірме жетекшілері арасындағы «Білім-ринг» интеллектуалды сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: Қазіргі білім негізіндегі Қазақстан тарихының өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып, ұстаздардың ой-өрістерін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжым арасындағы достық, ынтымақтастық байланысын қалыптастыру;
Қатысушылар: «IQ штурмандары», «Зиялы қаһармандар», «Білім сақшылары» болып үш командаға бөлінді. Сайыс төрт кезеңнен тұрды: І – кезең: « Ойлан, тап ! », ІІ – кезең: «Пирамида», ІІІ – кезең: « Ол кім ? Бұл не ? », ІҮ – кезең: « Аламан ».
Сайыс барысында команда мүшелері өздерінің біліктілік деңгейлерін, ойлау қабілеттерін, шапшаңдықтарын, мәдениет пен өзара достық қатынастарын көрсете білді.
Қорытындылай келе, жүлделі :
І орынды — «IQ штурмандары» (Сабихиев З, Шапағат А, Бакешова Г.) командасы ;
ІІ орынды — «Зиялы қаһармандар» (Сапуов Т, Беккалиева А, Бахтыгереева Н.) командасы;
ІІІ орынды — «Білім сақшылары» (Абдуллаев А, Ниязова А, Джагыпарова Ғ.) командасы иеленді.
Интеллектуалды сайысқа жоғарғы деңгейде қатысқан өлкетану үйірме жетекшілеріне мекеме атынан алғысымызды білдіреміз.




