Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 31 қазаны күні Шипажай мөлтек ауылының (ескі санаторий) жағалауында «Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» КММ-ң
2024-2025 оқу жылының жылдық жоспарына сай, спорттық туризм бағыты бойынша «Спорттық бағдарлау» жарысы өтті.
Жарыстың мақсаты:
— Тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау,оларға қолдау көрсету.
— Салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа : Ломоносов, Абай, Бегалиев, Еңбекші, Алтынсарин, Ақкөл, Мүсірепов, Қадір Мырза Әлі мектептерінен келген командалар қатысып, өз біліктерін сынады.Ұл және қыз балалар өздеріне берілген тапсырмаларды,яғни,белгісіз нүктелерді компастың көмегімен тауып,жүріп өткен уақыттары жазылды.
Қорытындылай келе,команда бойынша жүлделі бірінші орынды Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі және оқушылары «Алғыс хат» иеленсе,Ломоносов,Бегалиев,Ақкөл мектептерінің оқушылары «Алғыс хат» алды.
Жарыс тартысты және жақсы атмосферада өткізілді.