2024 жылдың 3 – 4 қазан күндері Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылдық округіне қарасты «Петухов» тоғайында «Бүкіләлемдік туризм күні» мерекесіне орай, облыстық білім беру ұйымдарының арасында жарыс өтті. Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Муратов Амангелді Хайдарұлы, Аудандық білім бөлімінің басшысы Баяров Еділ Ғарипұлы, Кудряшов ауылдық округінің әкімі Вахитов Бахтияр Тілекқабылұлы, Облыстық білім беру басқармасы, балаларға қосымша білім беру оқу – әдістемелік және ғылыми – практикалық орталығының мамандары Какенов Асылхан Нигметоллаұлы мен Шариполлаев Қуаныш Шариполлаұлы қатысып, жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Спорттық –туризм бағытындағы жарыста Жылой, Махамбет, Индер, Исатай, Құрманғазы аудандары сайысқа түсіп, қорытынды бойынша:
«Туристік техникадан»:
1- орын — Құрманғазы,
2-орын – Индер,
3 – орын – Жылой;
«Садақ атудан»:
1- орын — Индер,
2-орын – Құрманғазы,
3 – орын – Исатай;
«Картамен объектіні табудан»:
1- орын — Құрманғазы,
2-орын – Индер,
3 – орын – Махамбет;
«Арқан тартыстан»:
1- орын — Исатай,
2-орын – Жылой,
3 – орынды – Құрманғазы, Махамбет, Индер командалары иемденді. Жалпыкомандалық жүлделі бірінші орынды Құрманғазы, екінші орынды Индер, үшінші орынды Махамбет командалары жеңіп алды. Табиғат аясында өткен жарыс тартысты да, қызықты өтті. Жарыс жеңімпаздары грамоталармен, дипломдармен марапатталды. Жарысқа қатынасушыларға алғысымызды білдіреміз!









