Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 24 қазаны күні «Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» КММ-ң 2024-2025 оқу жылының жылдық жоспарына сай, өлкетану бағыты бойынша 25-қазан Республика күніне арналған «Туған жердің асыл қазынасы» жас өлкетанушылар жоба қорғау сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты:

— Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу;

— Туған жердің өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және болашағын оқушылар көзімен болжау;

Жас өлкетанушылар өз жұмыстарында киелі мекенін жан-жақты көрсетіп, жаңа идеяларды қамтып, қосымша видеолар мен макеттерді қолданып,өз білімдерін ортаға салды. Қорытындылай келе, жүлделі орындарды төмендегідей бөлісті:

І-орынды: Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы

Айыпкалиева Бақыт,жетекшісі:Ғ.Джагыпарова;

ІІ-орынды:ҚадырМырза Әлі атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Жеткеншекова Аружан,жетекшісі:Беккалиева Алия;

ІІІ-орынды:Манаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы

Мухит Медина,жетекшісі:Абдуллаев Азамат;

Барлық жетекшілерді мерекемен құттықтаймыз және еңбектеріне жеміс тілейміз!