2024 жылдың 22 қараша күні «Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» КММ-нің 2024-2025 оқу жылының жылдық жоспарына сай, өлкетану бағыты бойынша «Ол кім? Бұл не?» атты жас өлкетанушылардың интеллектуалды сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты:
— Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, қызығушылығын….. арттыру.
Сайысқа Абай Ломоносов, Бегалиев, З.Серікқалиұлы атындағы мектеп — интернаты, Манаев, Нұржау, Еңбекші, Имашев, Қ.Мырза Әлі мектептерінен келген оқушылар командалары қатынасты.
Сайыс 3 кезең бойынша өтті. «Бәйге», «Әлем сенің көзіңмен», «Ойлан» кезеңдері бойынша оқушыларға экраннан түрлі бағыттағы сұрақтар,логикалық сұрақтар,бейнесұрақтар,әртүрлі жанрлардан (кино,ертегі,би,анимация,ән) үзінділер, «Қара жәшік» сұрақтары қойылып, әр команда мүшелері өздерінің біліктілігін, шапшаңдығын, ойлау қабілеттерін көрсете білді.
Қорытындылай келе, командалар төмендегідей ретте марапатталды.
Жүлделі І — орынды Бегалиев атындағы мектебі;
Жетекшісі: Утебаева Г.
ІІ — орынды Абай атындағы командасы;
Жетекшісі: Джагыпарова Ғ.
ІІІ — орынды Манаев атындағы мектеп командасы; Жетекшісі: Абдуллаев А. иеленіп, қалған командалар «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Сайыс тартысты да, қызықты өтіп,оқушылар көтеріңкі көңілмен тарқады.





